Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Біздің Twitter

Біз Facebook-та

«#Жақсылық жаса» акциясы

20 ақпанда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында жастар белсенділері, сонымен қатар танымал медиа тұлғалар қазақстандықтарды #Жақсылық жаса қайырымдылықакциясына атсалысуға шақырды. Акцияның мәні қоғам назарын көмекті қажет ететін адамдар мәселелеріне аудару болды.


Жобаның бастамашылары Әсет Мұқажанов пен блогер Мақсат Төлегенов болды. Белсенділердің айтуынша, жақсылық істер идеясы кенеттен туындаған. 

«Біз достарымызбен бірігіп «7 арна» өткен жылы ұйымдастырған #Жақсылық жаса жобасын талқыладық. Жобаны жалғастырған жөн болатынын айттық. Жақсылық істердің міндетті түрде ғаламдық деңгейде болуы міндетті емес. Себебі, көрші қарияға сүт алып беру де, жолдағы жүргізушіге көмек көрсету де, автобуста орын беру де жақсылыққа жатады ғой. Біздің жақсы істеріміз алуан түрлі болуы мүмкін, бірақ оларды басты нәрсе – ақжүректілік пен риясыздық біріктіреді», - деді А.Мұқажанов. 

«#Жақсылық жаса» акциясы

Идеяны алғаш болып Мақсат Төлегенов қолдап, жүзеге асырды.  

«Бәрі былай басталды: әріптесім екеуміз жұмыстан келе жатып, түрлі ұсақ-түйек сатып тұрған әжейді көріп, оған көмектеспек болдық. Сонда ол үшін қолымыздан келгені – әжейдің бір құты тосабын сатып алдық,  - деді блогер. – Біз мұны бейнежазбаға түсіріп, мен оны фейсбук желісіне салдым, әлеуметтік желідегі достарымды жақсылық жасауға шақырдым. Мені әлеуметтік желідегі достарымның оң көзқарастары тамсандырды, сол күннің аяғына қарай аталмыш ролик фейсбуктің өзінде ғана 18 мың рет қаралды! Ал ертеңінде достарым осы тақырыптағы өз роликтерін сала бастады». 

«#Жақсылық жаса» акциясы

Жобаға қатысу шарттары өте қарапайым: жақсы іс жасап, бұл туралы әлеуметтік желіде жариялап, #Жақсылық жаса үндеуімен жақындарыңа және достарыңа өтініш білдір!

Балалардың қолдауымен екі апта ішінде #ЖақсылықЖаса және #ДелайДобро хештегтерімен Қазнетте еліміздің түрлі түкпірінен 100-ден аса посттар мен роликтер жарияланды. Жақсылыққа жаны құмар қазақстандықтар жалғызбасты зейнеткерлерге, аз қамтылған отбасыларға, балалар үйлерінің балаларына және жалпы, қастарындағы адамдарға көмек көрсетуге асықты.  

Жобаға «7 арна», «BNews.kz», «Tengrinews.kz»,  «Nur.kz» және «Оrtcom.kz» жаңалықтар порталдары ақпараттық қолдау көрсетті.

ОКҚ-інде өткен баспасөз мәслихатында «Дом» қайырымдылық қорының басшысы  Аружан Саин, полиция капитаны Бақыт Әлімқұлов, Ұлттық ана мен бала орталығының дәрігер-неонатологы Гүлнара Түкеева, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілі Рүстем Әбдісаламов акцияға қолдау білдірді. Аймақтардан бейнеконференциялық байланыс режімінде белсенділер де қосылды.  

«#Жақсылық жаса» акциясы

Акцияға қатысушыларға қолайлы болуы үшін қазақ және орыс тілдерінде қызмет көрсететін dd.bnews.kz домендік атауымен арнайы жоба дайындалған. Онда әр қолданушы үшін мультимедиялық форматта (мәтін, сурет, ролик) өз жақсылықтарының тарихын жүк­теуге мүмкіндік бар. Мұнда өзге өңірлерде қанша игі іс жасалғаны жөнінде ақпарат алуға мүм­кіндік беретін геолокация қыз­меті де көрсетіледі.

Достар, жақсылық жасау ешқашан да кеш болмайды! Бізге қосылып, жақсы істерге өз үлестеріңізді қосыңыздар!  #Жақсылықты бірге Жасайық!

 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ