#Өз кәсібіңді сүй

Мыңдаған қазақстандықтар «Өз кәсібіңді сүй» акциясының аясында өзінің сүйікті кәсіптері туралы бірегей бейнероликтер жариялауды жалғастыруда. 

#Люби свое дело

Қаңтар айының соңында Қазақстанда «Өз кәсібіңді сүй» атты ауқымды республикалық акция басталды. Оның мәні мынада, қарапайым азаматтар шағын бейнероликтер түсіріп, онда өзінің сүйікті жұмысы немесе кәсібі туралы әңгімелейді. Тәжірибе көрсеткендей, бұл Қазнет пайдаланушыларын біріктіріп қана қоймай, жағымды көңіл-күй де сыйлайды.

Акция өз ісін сүйетіндер және ол туралы айтып бергісі келетіндер үшін нағыз Интернет-эстафетаға айналды. Ол сан түрлі кәсіп иелерін біріктірді, оның ішінде журналистер, мұғалімдер, инженерлер, медицина қызметкерлері, құрылысшылар, мемлекеттік қызметкерлер, әртістер, спортшылар және т.б. бар.

#Люби свое дело


«Жұмыс – бұл біздің өміріміздің бір бөлігі. Біздің жан-дүниеміз оған бізідң қалай қарайтынымызға, жұмысқа қандай көңіл-күймен келетінімізге байланысты, жұмыс соған орай реттеледі, - деп атап өтті акция авторларының бірі Диас Есдәулетов. – Өмірдегі барлық кәсіптер маңызды әрі қажет. Еліміздің болашағы әрбір қазақстандықтың табыстылығына байланысты. Реформалар біздің бәрімізге, әрбір жас адамға өзінің сүйікті ісін табуында зор мүмкіндіктер береді. Сүйікті ісі болмаған жан табысқа да жетпейді ғой».

#Люби свое дело

Адамдар акция басталған сәттен бастап оған зор қызығушылық танытқанын атап өткен жөн. 

«Бiз арнайы Youtube арнасын құрып, онда әлеуметтік жел пайдаланушыларының ең үздiк бейнероликтерін жарияладық. Акцияға әншi Қайрат Нұртас, Әли Оқапов, Ләйлә Сұлтанқызы сынды танымал азаматтардың белсене қатысуы да жобаға үлкен қолдау болды. Шара аймақтарда да зор қолдауға ие болды», - деді акция ұйымдастырушыларының бірі, блогер Жомарт Әмірханов.

Акция басталғаннан кейін небәрі екі апта өткен соң арнада 200-ден астам ролик жарияланды, әлеуметтік желі пайдаланушылары 600-ге жуық бейнероликтерін салды.


#Люби свое дело


Бүгінгі таңда  акцияның танымалдылығы арта түсуде, сондықтан барлық қазақстандықтарды оған қатысуға шақырамыз. Өз бейнероликтеріңізді түсіріп, оларды әлеуметтік желілерде жариялаңыздар, ауқымды әрі қызықты жобаға асталысыңыздар!

Отандастарымыздың өз кәсіптері туралы роликтерін #Любисвоедело және #Өзкәсiбiңдiсүй хэштегімен тауып алуға болады.