Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Біздің Twitter

Біз Facebook-та

«#МенЕлімдіСүйемін»

Қазақстандықтар «#МенЕлімдіСүйемін» акциясына қатысты


«#МенЕлімдіСүйемін, #ПочемуЯлюблюКазахстан» акция-флэшмобы Қазнетте ақпан айында басталды. Тек алғашқы екі аптаның ішінде әлеуметтік желіде туған жерге деген  өзінің  сүйіспеншілігін көрсеткен 200-ден астам посттар мен роликтер жарияланған.

26 ақпанда Орталық коммуникациялар қызметінде  «#МенЕлімдіСүйемін, #ПочемуЯлюблюКазахстан» акциясына арналған телекөпір өтті. 

Онлайн-шараның қатысушылары «Қазақстаннның ММА аралас жауынгерлік жекпе-жек федерациясы» РҚБ басшысы Анатолий Ким,  грек-рим стиліндегі қазақстандық балуан, жаттықтырушы, Азияның екі дүркін чемпионы, әлемнің екі дүркін чемпионы, Олимпиада ойындарының чемпионы Юрий Мельниченко, ғалым-биотехнолог Дәмел Мектепбаева, блогер Виталий Перов, «Астана Опера» театрының танымал орындаушылары  Әнел Рүстемова және Тайыр Гатауов, әнші Бүркіт  және басқа да танымал қазақстандықтар болды. 

Акцияның бастамашыларының бірі Динара Әлихан идеяның қалай бастау алғанын былайша түсіндірді. 

«#Почему Я люблю Казахстан»


«Менің жолдасым шетелге оқуға түсті. Отбасым үшін білім алудың қаншалықты маңызды екенін түсінсем де, туған жерден жыраққа кетудің қаншалықты қиындығын ойлаймын. Біз өз сезімдерімізді дауыстап айтуға ұяламыз, бірақ сол қимастықтың өзі Отанға деген сүйіспеншілікті білдіреді. Сондықтан мен #МенЕлімдіСүйемін және #ПочемуЯлюблюКазахстан хэштегімен достарымның туған жерге деген сүйіспеншілігі туралы айтуды өтінген едім. Бұл хэштэг әлеуметтік желілерде кең тарап кетті»,  - дейді Диляра Әленова.    

Бұл ролик ең көп лүпілдер мен репосттар санын жинап, өз алдына жекедара кетті. Қысқаша видеода еліміздің түкпір-түкпірінен қазақстандықтар туған өлкеге деген сезімдерін білдіріп, өздері үшін Отан деген ұғымның нені білдіретіні жайлы ойларымен бөлісті.    

«Бұл сұраққа 17,5 миллион жауап беруге болады және оның әрқайсысы дұрыс болып шығады! Алайда біз елімізді, Отанымызды не үшін сүйетініміз туралы үнемі ойлана бермейміз. Көптеген адамдар үшін бұл сезім болмыс, туа біткен инстинкт тәрізді. Біз неге тыныс алатынымыз жайлы ойланбаймыз ғой? Отанға деген сүйіспеншілік те сондай – бұл әр адамның бойына туа біткен қасиет. Әрине, біреулер бұл туралы ойды әдетке айналдырады, ал енді біреулер ойланбайды да.     Бірақ бұл жағдайда да адам өз еліне немқұрайлы қарайды деген сөз емес. Әрбір адам өзінің күн сайынғы еңбегі арқылы елінің дамуына өз үлесін қосуда. Әркім мұны уақыты келгенде түйсінеді», - деп санайды Олимпиада ойындарының чемпионы Юрий Мельниченко.

Телекөпір аясында акцияны қолдау үшін флешмоб ұйымдастырған Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы қаласы байланыс арқылы қосылды.

«#Почему Я люблю Казахстан»

Қазақстанның ең танымал жеңіл атлетші қызы, ШҚО-дан Ольга Рыпакова да «#МенЕлімдіСүйемін, #ПочемуЯлюблюКазахстан» акциясына бейнеконференциялық байланыс арқылы қосылды. 

«#Почему Я люблю Казахстан»

«Мен Қазақстанды атмосферасы үшін жақсы көремін. Бұл – жүрек жылуының, жақсылықтың атмосферасы. Дәл казір біз жеңіл атлеттер кешенінде бас қосып тұрмыз. Бұл жерге күн сайын 200-ге жуық балалар жиналып, ерікті түрде спортпен шұғылдана алады. Жанына спортты серік еткен әрбір бүлдіршін еліміздегі жеңіл атлетиканың дамуына барынша үлесін қосып жүр. Құрметті отандастар, біз бірлігі мен ынтымағы жарасқан елде өмір сүреміз, олай болса Отанымызды сүюге шақырамын!», - -деді Олимпиада чемпионы.    


О.Рыпаковадан басқа жастардың бастамаларын қазақстандық жұлдыздар, спортшылар мен белсенділер: Біржан Жақыпов, Мирсиева Диана, Әділбек Ниязымбетов, Музаев Ислам, «All Давай» тобы, Айдана Жұмағұлова, Мұрат Мұтырғанов, Ермахан Ибраимов, Мәдина Сәдуақасова, Турал Эверест, Тұрар Рахимберлин қолдады.

«#Почему Я люблю Казахстан»

Жас ғалым Дәмел Мектепбаева да патриоттық жобаға атсалысуды жөн көрген.   

«Біз маңызды нәрселер туралы айтып отырмыз. Бізді асырап-сақтап өсірген анадан басқа кім, не маңызды бола алады? Біздің еліміз де сондай  - бізді тәрбиелеп, жеткізді. Біз өмір сүріп жатырмыз, жақсы көреміз, жасаймыз, үйренеміз, жетістіктерге қол жеткіземіз. Мұның бәрін біз өзіміздің жақын адамдарымыз бен еліміз үшін жасаймыз. Отанымыздың ұлылығы мен қуаттылығы ата-анамыздың бақытты болуы тәрізді, бізге байланысты.  Күн сайын еңбек ету арқылы біз өз өміріміз бен өз елімізді гүлдендіреміз. Еліміз жақсарған сайын, әрқайсымыз үшін де жақсы бола түседі», - дейді Дәмел.
Акцияға Қазнеттің барлық пайдаланушылары қатыса алады. Астаналық бейнеблогер Виталий Перов айтқандай:
«бар болғаны камераны немесе смартфонды алып, еліңді не үшін сүйетінің туралы түсіру қажет!». Одан соң өз бейнеролигіңді әлеуметтік желілерде #МенЕлімдіСүйемін, #ПочемуЯлюблюКазахстан хэштэгтерімен жариялау керек.

 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ