Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Біздің Twitter

Біз Facebook-та

«#Сенің дауысың - сенің болашағың!» постерлер байқауы

ҚР Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы қарсаңында Қазнетте «#Сенің дауысың - сенің болашағың!» жалпы республикалық постерлер байқауы жарияланды.

«#Сенің дауысың - сенің болашағың!» постерлер байқауы

Байқаудың ұйымдастырушылары - «Қаламгер азамат» жас журналистер қоғамдық қоры болды. Байқауды ҚР Президенті жанындағы ОКҚ қолдады. Шараға тұрғындарды сайлауға қатысуға ынталандыратын постерлер салу арқылы талантты әрі креативті қазақстандықтар тартылды. Байқау 11 ақпаннан 18 наурызға дейін үш кезеңде өтті. 

«#Сенің дауысың - сенің болашағың!» постерлер байқауы

«#Сенің дауысың - сенің болашағың!» постерлер байқауы «El.kz» әлеуметтік желісі негізінде онлайн-форматында өтті. Кез келген адам жобаға қатысу үшін өтініш беріп, өзінің конкурстық жұмысын жүктей алды, әрине, үміткерлердің пайдасына үгіт-насихат жүргізуді көздейтін материалдар байқауға қатысуға жіберілмеді. Барлық ғаламтор пайдаланушылары өздеріне ұнаған жұмыстарға дауыс бере алды. Ең көп дауыс жинаған постерлер кәсіби қазылар алқасының бағалауына ұсынылды, осылайша байқау жеңімпаздары анықталды.

«#Сенің дауысың - сенің болашағың!» постерлер байқауы

Қазылар алқасының пікірінше, ең үздік жұмыс ретінде байқаудың гран-приіне астаналық Айдос Анаевтың постері лайық деп танылды. Ол тау басында желбіреген туды бейнеледі, бұл – Қазақстан талпынып отырған символикалық биіктік, ал күн сәулелері мемлекетіміз күтетін жарқын болашақ образына айналды. Бірінші орынды ақтаулық Мұрат Наурызбай иеленді. Оның жобасында сайлау азаматтарды біріктіруі тиіс, себебі мемлекетіміздің болашағы осыған байланысты деген ой көрініс берген.

 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ