Орталық коммуникациялар қызметі

Қостанай облысындағы бөгеттерге ерте ескерту жүйесін енгізу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр

«Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ) бірлесіп, «Қазақстандағы бөгеттерді кешенді басқару арқылы су тасқынына қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру» пилоттық жобасын жүзеге асырып жатыр. Жұмыстар Қостанай облысындағы Жоғарғы Тобыл және Қаратомар су қоймаларында жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Жоба Қазақстандағы бөгеттерге су тасқыны мен су басу қаупі туралы ерте ескерту жүйесін (EWS) енгізу, оның деректерін Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесіне (СРҰАЖ) біріктіру және гидротехникалық құрылыстардың заманауи дерекқорын қалыптастыру арқылы өңірлердің су тасқынына төзімділігін арттыруға бағытталған.

«Жобаны 2027 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Барлық іс-шара жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта гидрологиялық модельдеу нәтижелері әзірленіп жатыр. Жүйені енгізу су тасқыны кезеңдеріндегі тәуекелдерді азайту үшін Қазақстандағы су шаруашылығы нысандарын кешенді басқаруға мүмкіндік береді», – деді «Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Қайратғали Хайрулла.

Толық нұсқаны ашу