22.01.2019 in 15:56

Селекция бойынша зерттеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Қазіргі кезде Бараев ғылыми орталығында 17 дақыл бойынша селекциялық жұмыс жүріп жатыр.

«Басты бағыт – дәнді, бұршақты, жарма дақылдарының жаңа сорттарындағы экологиялық тұрақтылықты арттыру. Қазіргі кезде орталықта 17 дақыл бойынша селекциялық жұмыс жүріп жатыр», - деді А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бас директоры Кенже Абдуллаев.

Айтуынша, тары, қарақұмық, сұлы, асбұршақ, ноқат, жасымық, бидайық сияқты дақылдардың селекциясы бойынша Бараев орталығы Қазақстандағы жалғыз ғылыми мекеме.

2018 жылы «А.И.Бараев атындағы АШҒӨО базасы аясында нақты егіншіліктің тәжірибелік-технологиялық платформасын құру» мақсатында «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ және «А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС жарғылық кампиталын ұлғайту бойынша қаржылық-экономикалық негіздеме жасалған болатын.

Сонымен қатар, Бараев орталығының трактор және комбайн паркі жаңа ауыл шаруашылығы техникасымен толыққан.