Білім және ғылым министрлігі мен "ҚазТрансОйл"АҚ бірлескен жобасы аясында "мұнай-газ ісі" мамандығы бойынша 400-ден астам студент және бейінді жоғары оқу орындары мен колледждердің оқушылары мұнай тасымалдау компаниясының кәсіпорындарында ақылы өндірістік тәжірибеден өте алады.

« Білім және ғылым министрлігі Жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып, еліміздің жетекші кәсіпорындарында студенттердің кәсіби тәжірибесін ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдайды. Біз болашақ мамандарға бастапқы жұмыс тәжірибесін алуда, практикалық дағдылармен өзара байланыста теориялық білімді жақсы қабылдауға бағытталған кәсіпорындар мен ұйымдардың жаңа бастамалары мен ұсыныстарын қолдаймыз», - деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова.

Жоғары оқу орындарының студенттері үшін төлем мөлшері 100 000 теңгеден 120 000 теңгеге дейін болады. Колледж оқушылары практикадан өту аймағына байланысты 70 000-нан 80 000 теңгеге дейін алады.

Инженерлік-техникалық кадрларды даярлау жөніндегі жоба бес жылға есептелген. Оған 11 жоғары оқу орны мен 10 колледж қатысады.

Студенттер үшін өндірістік тәжірибені ұйымдастыру туралы келісімге Назарбаев Университетінің, Қазақстан-Британ Техникалық Университетінің, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің, Қ. Сәтбаев атындағы университеттің өкілдері меморандумға қол қойды.