Баяндамада жас буынның саяси-қоғамдық үрдістерге қатысу деңгейі мен мемлекеттік жастар саясатының нәтижелілігін арттыру мәселелері қарастырылған, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

Ұлттық баяндама «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығымен әлеуметтік зерттеулер, ресми статистикалық мәліметтер, жастардың білім және ғылым, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтылу, кәсіпкерлік және т.б. салаларындағы жағдайын талдау негізінде әзірленген.

«Елбасы тапсырмасымен құрылған «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы 2013 жылдан бастап барлық санаттағы жастар арасындағы мәселелерді ерте анықтау мен алдын алу мақсатында жастар арасындағы үрдістерді зерттеумен айналысады. «Қазақстан жастары - 2018» ұлттық баяндамасы мемлекеттік органдарға, жастар саясаты институттарына, білім беру мекемелеріне, жастар ұйымдарына, бұқаралық ақпарат құралдарына, жастар саясатын жүзеге асыру мен жастарды қолдау жұмысы маңызды болып табылатын барлық тұлғаларға арналған», - деп атап өтті ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Асхат Оралов.

«Қазақстан жастары – 2018» Ұлттық баяндамасының мәліметтері жастардың дамуына жағдай жасауға бағытталған тиімді басқарушылық шешімдер қабылдау мақсатында қолданылады. Баяндама 8 бөлімнен тұрады: жастардың демографиялық сипаттамасы, жастар саясатын іске асырудағы халықаралық тәжірибе, өскелең ұрпақтың денсаулығы және бос уақыты, жастардың өміріндегі білім және ғылым, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, қоғамдық-саяси үрдістердегі белсенділігі, моральды-адамгершілік және құндылықтық ұстанымдары және жастар ортасындағы қылмыс. Сонымен қатар, ұлттық баяндамада тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Жастар прогресінің индексіндегі орны туралы жазылған.

Айта кетсек,«Қазақстан жастары - 2018» ұлттық баяндамасы мемлекеттік органдарға, жастар саясаты институттарына, білім беру мекемелеріне, жастар ұйымдарына, бұқаралық ақпарат құралдарына, жастар саясатын жүзеге асыру мен жастарды қолдау жұмысы маңызды болып табылатын барлық тұлғаларға арналған.