Top.Mail.Ru

Ашық университет Қазақстанда әлемнің жетекші оқу орындарының курстарын қолжетімді етеді. Бұл туралы Жастар жылының ашылу салтанатында Ұлттық аударма бюросының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы мәлімдеді, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінде ашықуниверситеттер жобалары әлемде қарқынды дамып келеді.

«Ашық университет платформасы заманауи технологиялар мен білім беру міндетін біріктіре отырып, білім сапасын жақсартуға және оны қолжетімді етуге мүмкіндік береді. Ашық университет идеясы әлемде кеңінен қолданылатын қашықтықтан білім беру мен ашық онлайн-курстар тәжірибесіне негізделеді. Әр адам өзіне ыңғайлы уақытта, өзіне ыңғайлы орында және өзіне ыңғайлы жылдамдықпен оқиды», - деді Рауан Кенжеханұлы.

Әсіресе америкалық университеттердің курстары базасында құрылған Coursera (Курсэра), EdX (Эдекс) ашық университеттері танымал.

«Қашықтықтан білім беретін табысты жобалардың бірі деп Ұлыбританияның ашық университетін де атауға болады. Алғашында тең мүмкіндіктер қоғамын күшейту мақсатында құрылған бұл оқу орнында қазір 170 мың студент оқиды. Дәл осы Ұлыбританияның ашық университеті біздің жобаның серіктесі болуға келісім берді, олар оқулықтары мен курстарын ғана емес, әдістемелік және технологиялық атқарымдарын беруге дайын», - деп атап өтті Р. Кенжеханұлы.

Астана ашық университеті америкалық Эдекс пен Ресейдің ашық білім беру ұлттық платформасының қолдауына ие болды.

«Рухани жаңғыру бағдарламасы және 100 жаңа оқулық жобасы қазақстандық ашық унверситетті құру мен дамытуға мүмкіндік береді, қазақстандық студенттерге әлемнің үздік университеттерінің курстарын қолжетімді етеді. Қазір порталға енгізу үшін қазақ және орыс тілдерінде 100-ден астам курс әзірленді. Халықаралық сарапшылар бұл жобаны өңірлік білім беру хабы ретінде жоғары бағалады. Сіз мақұлдаған жағдайда, Астана ашық университеті өз курстарын алдағы оқу жылында ұсынуға дайын», - деді Ұллттық аударма бюросының басшысы Жастар жылының ашылу салтанатында.

Want to be always up to date with all the briefings?
Subscribe to our телеграммадағы арна!