2018 жылдың қорытындысы бойынша жастардың жұмыссыздық деңгейі 3,8% құрайды. Бұл туралы «Маңызды» сараптамалық алаңында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері жөніндегі комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет мәлімеді.

«2016 жылдан 2018 жылға дейін жұмыссыз жастардың саны 92,8 мыңнан 81,9 мыңға дейін төмендеді, соңғы 15 жылда жастар арасында жұмыссыздық деңгейі 11,1 пайызға қысқарды», - деді М.Қожахмет.

Спикердің айтуынша, ең жоғары көрсеткіштер Алматыда - 6,4%, Қарағанды облысында - 4,9%, Нұр-Сұлтан қаласында - 4,5%, Қызылорда облысында - 4,2% байқалады. Ал ең төменгі көрсеткіштер Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл және Маңғыстау, Атырау облысында.

2018 жылы жастардың (14-29 жас) саны 3 900 834 адамды немесе 21,5% -ды құрады, оның ішінде қалада 2 204,8 адам және ауылда 1 696,0 адам.