Бүгін Ташкент қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің кеңейтілген құрамдағы кездесуі өтті, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемін жеткізіп, оның Қазақстан мен Өзбекстан қарым-қатынастарының дамуына сіңірген өлшеусіз еңбегін ерекше атап өтті.

«Біз шағын құрамдағы кездесу кезінде сабақтастықтың сақталып, мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауға уағдаластық», - Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті қазіргі саясат екі мемлекеттің ұлттық мүддесіне толықтай сәйкес келетінін атап өтіп, келіссөздер барысында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру үшін үкіметаралық комиссияны Үкімет басшыларының деңгейіне көтеру туралы шешім қабылданғанын айтты.

«Біз Өзбекстанның дамуын зор қызығушылықпен бақылап отырамыз. Сіздер бірқатар бағыт бойынша реформалар жүргізіп, соның ішінде мемлекеттік басқаруды, экономиканы либерализациялауды жетілдіріп, халықтың әл-ауқатын арттыру ісінде таңғаларлық жетістіктерге қол жеткіздіңіздер», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент ретіндегі алғашқы мемлекеттік сапарын Өзбекстаннан бастағанына тоқталып, бұл қадамның стратегиялық әріптестікті тереңдетіп, қалыптасқан қарым-қатынастарды жалғастыруға бағытталғанын айтып өтті.

«Қазақстанмен достық қарым-қатынасты, тату көршілікті нығайту - Өзбекстанның сыртқы саясатының басым бағыты. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев екеуміз екі ел арасындағы қарым-қатынастардың берік іргетасын қалап, өзара байланысты жаңа деңгейге көтере алдық», - деп түйіндеді Шавкат Мирзиёев.

Сонымен қатар, мемлекеттер басшылары кеңейтілген құрамдағы кездесуде екіжақты және халықаралық байланыстардағы өзекті мәселелер жөніндегі, нақтырақ айтқанда, БҰҰ, Ислам ынтымақтастық ұйымы және Аралды құтқару халықаралық қоры аясындағы мүдделері мен ұстанымдары сәйкес келетінін атап өтті.

Келіссөздер барысында тараптар құқыққорғау органдары, арнайы қызмет және қорғаныс ведомстволары саласы бойынша қауіпсіздік пен тұрақтылықты, тығыз ықпалдастықты қамтамасыз ету, жолаушылар және жүк тасымалдау ісін, өзара сауда және өнеркәсіп кооперациясын жандандыру мәселелерін талқылады.

Want to be always up to date with all the briefings?
Subscribe to our телеграммадағы арна!

Первый заместитель Премьер-Министра - министр финансов РК Алихан Смаилов:

«Если касается только списания потребительских кредитов, то это акция одноразовая, такого мы больше не планируем делать. Что касается в целом социальной поддержки, то да, наша социальная поддержка должна быть направлена на то, чтобы граждане в определенной тяжелой жизненной ситуации могли получить поддержку с тем, чтобы далее трудоустроиться и получать уже стабильные доходы»

Премьер-Министр РК Аскар Мамин:

«С 1 сентября будет дополнительно выделено 5 тыс. целевых образовательных грантов для детей из малообеспеченных и многодетных семей, на 30% повышена стипендия по рабочим специальностям»

52,9 млрд кВт/ч электроэнергии произведено в Казахстане

37,9 млн тонн нефти добыто в Казахстане в I полугодии