Арыс территориясындағы оқ-дәрі қалдықтарын жою жұмыстары басталды, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев мәлімдеді.

«Арыс қаласының іргелес аумағында және тікелей арсенал аумағында, сондай-ақ, жергілікті тұрғындардың қоңырау шалуы үшін мобильдік топтарда жұмыс істейтін 42 топ құрылды», - деді ол.

Спикердің айтуынша, қазіргі уақытта оқ-дәрі қалдықтарын жою жұмыстары басталды.

«Қарулы Күштердің инженерлік әскерлер бөлімшелері жұмыс күндері 9-дан 18-ге дейін жұмыс істейді. Бастапқы құжаттарға сәйкес, тасымалданбайтын оқ-дәрілердің фрагменттері арсенал аумағында жойылады, ал қалған оқ-дәрі қалдықтары Арыс қаласынан солтүстікке қарай апарылатын болады және белгіленген тәртіппен алдын-ала оқ-дәрілермен айналысатын арнайы жабдықталған полигонда жойылады», - деді Т.Дәндібаев.

Сондай-ақ, спикер халықтың үрейге түспеуін сұрайды.

«Оқ-дәрілерді жою кезеңінде барлық қажетті қауіпсіздік шаралары қабылданды»,- деді ол.

Want to be always up to date with all the briefings?
Subscribe to our телеграммадағы арна!