Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Литва, Молдова, Франция өндірушілері мен бірқатар отандық өндірушілер шығарған сүт және май өнімдерінің 20 түрі өнімнің майлы бөлігі май-қышқыл құрамына сәйкес келмеді.

«Үш ай бойы сүт және май өнімдерінің 140 сынамасы май-қышқыл құрамына және сүттен алынбайтын майды анықтауға зерттелді. Сараптау қорытындысы бойынша сүт және май өнімдерінің 20 түрі өнімнің майлы бөлігінің май-қышқыл құрамына сәйкес келмеді», - деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин.

Одан әрі алынған сынамалардың елеулі көлемі «Аджилен» массалық-селективті детекторы және үш квадруполы бар газды хроматографта жалғандықты анықтауға зерттелді, ол жабдықта балалар тауарларын, ойыншықтарды, парфюмерлік-косметикалық өнімді, полимерлі материалдарды, жеңіл өнеркәсіп өнімін зерттеудің кең спектрімен қатар өнімдердің май-қышқыл құрамын, пестицидтерді, антибиотиктерді, уытты элементтер мен басқа да ластаушы қоспаларды анықтау жүргізілмек.

Сонымен қатар, Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті алдау практикасына жол бермеу және шығарылатын өнімді дұрыс сәйкестендіру бойынша қажетті шараларды қабылдау туралы өндірушілерге хабарлама жіберді және оларды айналымнан алу бойынша шаралар қабылдады.

Тексеріс нәтижесінде анықталған түрлі бұзушылықтарды жою мақсатында 584 нұсқама берілді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 233 іс қозғалды, 42 сот қаулысы шығарылды, сауда кәсіпорындарында 4 тоннадан астам өнім сатылымнан алып тасталды, жалпы сомасы 14,38 млн.теңгеге айыппұл салынды.