Жыл басынан бері мемлекеттік бюджетке түсетін кірістер бойынша жоспар 103%-ға орындалған. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында мәлімдеді.

Айтуынша, Республикалық бюджет 101% және жергілікті бюджет 108% орындалған. Шикізаттық емес секторыдан түсім 8% - ға артып, 2,9 трлн. тг., ШБС-нен 1,9 млрд. тг. дейін немесе 16,6% құрады.

Сонымен қатар, жыл басынан бастап электронды-шот фактураны міндетті түрде пайдалану енгізілгенін айтып өтті.

«Орындалған жұмыстың электронды актісі және Тауарға арналған ілеспе жүкқұжат модулі пысықталуда. Жарты жылдың қортындысы бойынша ІТТ-ға ҚҚС өсу қарқыны 140% құрады», - деді Марат Сұлтанғазиев.

Өз сөзінде қазіргі уақытта шекарадан өтуге қатысты сұрақтар көп екендігін де айтып өтті.

«Кедендік декларацийлардың тауар айналымы 100% көбейгендіктен тауар айналымы электрондық түрде рәсімделеді, бiрақ шекараны өту процесі бұрын қалай болса қалды»,- деді ол.