Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде алаңында елдегі инфекциялық аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдайға қатысты баспасөз конференциясы өтті.

Журналистермен кездескен ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила БЮРАБЕКОВА, ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек БЕКШИН елдегі эпидемиологиялық жағдайдың қалыпты екенін айтты.

2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 32 нозология бойынша, соның ішінде А вирусты гепатиті 2,5 есеге, эпидемиялық паротит 2,6 есеге, менингококк инфекциясы 49,4%, сальмонеллез 26,5%, тыныс алу органдарының туберкулезі 10,0%-ға төмендеген.

«Менингококк инфекциясымен сырқаттанушылық республикада тұрақты, менингокококк инфекциясымен ауырудың бірен-саран спорадиялық жағдайлары тіркеледі. Жыл басынан бері менингококтық инфекцияның 48 жағдайы тіркелді», - деді Л. Бюрабекова.

Л. Бюрабекованың мәлімдеуінше, 2019 жылдың 8 айында 48 жағдай тіркелген, 2018 жылдың сәйкес кезеңінде 82 жағдай тіркелген.

Сонымен қатар менингококк инфекциясымен сырқаттанушылық жағдайын тұрақтандыру үшін жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі республикалық штаб жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, биыл сәуір айынан бастап 9 айлық балаларға және медицина қызметкерлеріне қосымша екпе жасалып, 155 600 бала егілді, 72 657 медицина қызметкері егілді.

«Жалпы, менингококк инфекциясымен сырқаттанушылық жағдайы республикада тұрақты. Жағдайды тұрақтандыру бойынша шаралар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында»,- деді Жандарбек Бекшин.