Нұр-Сұлтан қаласында 6 шілде күні «Барыс аренада» қазақстандық және шетелдік боксшылардың қатысуымен өтетін бокс кешінде 1 жарым жыл үзілістен кейін Жаңқош Тұраров рингке шығады, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«1 жарым жыл бокстаспадым. Дегенмен жаттығу жұмыстарын үзген жоқпын. Өз бабымдамын десем болады. Өмірімді боксқа арнаған адаммын. Спортты 13 жасымнан бастағанмын. Алдағы уақытта әлемдік белбеулерге ие боламыз деген ниеттеміз», - деді ол.

Айта кетсек, Жаңқош Тұраров 2017 жылы 9 қыркүйекте өткен соңғы кездесуінде қолынан жарақат алып, шаршы алаңнан алыстап қалған болатын.

Бокс кешіне дайындығы туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында айтып берді.

«Дайындық тамаша жүріп жатыр. 6 шілдеге дейін әлі де уақыт бар. Оған дейін 1 маусым күні Англияда бір рет рейтингтік кездесу өткіземіз», - деді ол.

Сонымен қатар, әлемдегі ең ірі спорттан хабар таратушы ESPN бұл оқиғаны АҚШ-тағы, Канададағы және Пуэрто-Рико 100 миллионнан астам жазылушысына трансляция жасайды, сондай-ақ iFL TV бұл оқиғаның қалған әлемдегі көрермендерге көрсетілімін қамтамасыз ету үшін трансляция жүргізетін болады.