Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 2,1 пайызын құрайды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Дархан Қалиев мәлімдеді.

«Өздеріңіз білетіндей, өңірдің экономикалық дамуының негізгі және дәстүрлі секторлары - ірі және орта бизнесте негізінен жұмыс істейтін ауыл шаруашылығы. Соған қарамастан, соңғы жылдары өнеркәсіп, логистика және құрылыс салаларында шағын және орта бизнестің дамуы бойынша белсенді жұмыс жүргізілді, сондай-ақ туризм саласын дамыту перспективалары да бар. Палатаның жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылы барысында әріптестік қарым-қатынастар дамыды, аймақтағы шағын және орта бизнесті дамыту үшін бизнес пен мемлекет арасында сындарлы диалог құрылды», - деді Дархан Қалиев.

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста шамамен 29 мың шағын және орта бизнес жұмыс істейді және 106,1 мың адам жұмыспен қамтылған. Қолданыстағы ШОБ субъектілерінің жалпы санында жеке кәсіпкерлер - 70%, заңды шағын және орта бизнес субъектілері - 17%, шаруа қожалықтары - 13% құрайды. ШОБ құрылымындағы ең көп үлес сауда (41%) және ауыл шаруашылығы (20%) болып табылады.

Облыста барлығы 2018 жылы қолданыстағы ШОБ саны 29 мың бірлікті құрады және өткен жылмен салыстырғанда 5% артқан.

2018 жылдың соңында ШОБ-те жұмыспен қамтылғандардың саны 2017 жылмен салыстырғанда 4,7% -ға артып 106,1 мың адамды құрады.