Халық фольклоры және музыкасының құнды мұраларын зерттеу мақсатында еліміздің түкпір түкпіріне экспедиция жүргізілмек.

«Біздің алдымызда тек осы жылда емес, осыдан кейінгі жылдарда да өңірлерге де оның ішінде біздің шет аймақтарда тұратын біздің қандастарымызда да осы бағыттағы экспедиция жүргізу ойымызда бар. Оның ішінде фольклор ғана емес музыка саласында да арнайы мамандар енетін құрамда жасақталған экспедиция шығару біздің жоспарда бар. Және олар жүзеге асырылады. Бүгінгі күн ертеңгі тарих сол себепті атқарыла беретін жұмыс өте көп», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Әбіл Жоламанов.

Айта кетсек, Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында фольклорлық дәстүрдің ортақ тарихи негіздерін іздеу үшін Қазақстанның түрлі өңірлері мен өзге елдерге бірнеше іздеу-зерттеу экспедицияларын ұйымдастыру қажет екендігін айтқан болатын.