Қазіргі уақытта Израиль әлемдік деңгейде экономикасы қарқынды дамыған, үздік инновациялық технологиясы арқылы халқының
әл-ауқатын арттырған халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі ретінде танылды. Осы ретте еліңіздің жетістіктері мен мерейін әрі қарай еселеуге бағытталған Сіздің бастамаларыңыз бен жоспарларыңыздың толық та табысты жүзеге асуына тілектеспін, –делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Израиль арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени салалардағы өзара тиімді байланыстарды дәстүрлі достық пен өзара сенім рухында нығайтуды ортақ мақсат деп санайды. Сондай-ақ осы игілікті жолда күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нафтали Беннеттің жауапты қызметіне мол табыс пен сәттілік, ал достас Израиль халқына бақ-береке тіледі.