Алмасадам Сәтқалиев биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» компаниялар тобына 8 981 миллиард теңге кіріс кіргенін және оның жоспарланған мөлшерден 20 пайызға артық екенін айтты. Компаниялар тобының операциялық табысы – 1 256 миллиард теңге. Бұл – былтырғы көрсеткіштерге қарағанда 2 еседен көп. Оған мұнай бағасының қымбаттауы, жүк тасымалынан түсетін кірістің артуы, транзиттің өсуі және басқа да өндірістік көрсеткіштер ықпал еткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу соңында «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының жобалары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.