Дархан Қыдырәлі Түркі академиясының білім, ғылым бағытында атқарған жұмыстары жөнінде, оның ішінде, халықаралық ұйым шеңберінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық және Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойлары аясында өткен іс-шаралар туралы баяндады. Бұдан бөлек, пандемиядан кейін жалғасқан Моңғолиядағы археологиялық қазба жұмыстары мен экспедициялардың барысын жеткізді.

Биыл түркітілдес мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықтың орнағанына 30 жыл толады. Осыған орай Академия президенті бауырлас елдердің ықпалдастығын арттыруға қатысты ойымен бөлісіп, айтулы датаны атап өту жайындағы ұсыныстарын айтты.