“Бибісара Асаубаева толағай табысқа қол жеткізді. ФИДЕ қазақстандық дарынды қызды Азияның үздік шахматшысы деп таныды. Қазақстан шахматшыларына үнемі қолдау көрсетіп келе жатқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жаңалықты назардан тыс қалдырған жоқ. Ол Бибісараны құттықтап, жаңа жетістіктер тіледі”, – деп айтылған хабарламада. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) қазақстандық Бибісар Асаубаевты 2021 жылдың қорытындысы бойынша әйелдер арасындағы Азияның үздік шахматшысы деп таныды.

"Кеше ФИДЕ-де марапаттау рәсімі өтті -15-ші әлем чемпионы Вишванатан Ананд маған "Әйелдер арасындағы Азияның үздік шахматшысы"марапатын табыс етті. ФИДЕ-ге менің жұмысымды жоғары бағалағаны үшін рахмет!",- деп жазды 18 жасар қазақстандық шахматшы.

Естеріңізге сала кетейік, Бибісара Асаубаева Қазақстан тарихында алғаш рет өткен жылы Варшавада ересектер арасындағы блиц бойынша әлем чемпионатын жеңіп алған болатын. 2021 жылы шахматшы Польшада өткен жылдам шахматтан әлем чемпионатында күміс медаль иегері атанды. Сонымен қатар, Бибісара Асаубаева 2021 жылы әйелдер арасындағы онлайн-Азия чемпионатында бірінші орын алды. Асаубаева "Алтын Мангуст" және "Шапағат"ордендерінің иегері.

Осылайша, Қазақстан Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының топ-6 қатарына қосылды. Қазақстандық шахматшылар осы күндері Үндінің Ченнайыда өтіп жатқан дүниежүзілік олимпиада рейтингінде өз позицияларын анықтады.

Қазақстанның әйелдер құрамасы рейтингте оныншы орыннан алтыншы орынға көтерілсе, ерлер командасы керісінше жетінші орыннан 12-ші орынға түсті.

6 тамызда қазақстандық шахматшылар Словакия құрамасын 3,5-0,5 есебімен жеңсе, ерлер құрамасы Әзірбайжаннан жеңіліс тапты (1,5-2,5).

Ерлер рейтингінде Армения командасы көш бастап тұр, ал әйелдер рейтингісінде бірінші орында Үндістан құрамасы тұр.