Мемлекет басшысы Сербия Президентіне ризашылығын білдіріп, елімізде қолға алынған ішкі саяси өзгерістер жөнінде мәлімет берді. Сонымен қатар Қазақстанның саяси жүйесіндегі ауқымды трансформацияның тарихи мәніне тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич қазақ-серб қарым-қатынасының қазіргі жай-күйін және даму перспективасын талқылады.

Тараптар екіжақты серіктестіктің орнықты динамикасына көңіл толатынын айтып, іскерлік байланыстарды нығайтуға және энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды ілгерілетуге мүдделі екендерін жеткізді.