Бұл туралы Томирис Байсафаның анасы Жанан Ахметованың Instagram парақшасынан мәлім болды.

Алқабилер соты Муртазали Меджидовтың Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенті қазақстандық қызды терезеден итеріп жібергені дәлелденді деп тапты.

Осыған дейін Томирис Байсафаның ісіне қатысты сот тергеуі аяқталғанын жаздық.

Естеріңізге сала кетейік, Томирис Байсафаның анасы Жанна Ахметова осыдан үш жыл бұрын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қызының өлімін тергеуге көмектескені үшін алғыс айтқан болатын. 

2019 жылы Президент Тоқаев Томирис Байсафаның анасын арнайы қабылдады.

"Біздің Президент маған бұл дүниеде бәрі бірдей сатып алынбайтынын, жазасыз жауапкершіліктен құтылуға болатынын көрсетті! Мемлекеттің бірінші тұлғасы қарапайым адамдардың өтініштеріне бей-жай қарамайтыны үлкен құрметке лайық! Рахмет, Президент!", – деп жазды Жанна Ахметова Instagram-дағы парақшасында.

Сондай-ақ, қыздың анасы Ресей Федерациясы Президентінің Әкімшілігіне, РФ Тергеу комитетінің төрағасы Бастрыкинге ерекше алғысын білдірді.

"Мен ешкімге қан тілемеймін, адамдардың түрмелерде отыруын қаламаймын, бірақ мен өз-өзіне қол жұмсаған қыздың анасының орнында да болғым келмейді", - деп толықтырды Жанна Ахметова.