«Samsung» компаниясының өкілдерін Қазақстандық IT саласының әлеуеті қызықтырып отыр. Мәселен, Әл-Фараби ҚазҰУ және Astana IT University базасында мобильді Java және Python- деректерді талдау жүйесін әзірлеуді үйрететін Samsung-тың IT мектептері жұмыс істейді. Онда қазіргі күні 500-ге жуық IT маман білім алуда. Кездесу барысында тараптар осы мектептерді Қазақстанның басқа да өңірлерінде ашу мүмкіндігін талқылады.
Айта кету керек, Мемлекет басшысы 2020 жылы Корея Республикасына іс-сапармен барып, R & D зертханаларын және бірлескен өндірістерді құру мәселелері бойынша «Samsung» корпорациясымен бірқатар келісімдерге қол жеткізген болатын.
«Электроника өндірісі бойынша «Samsung» корпорациясының көшбасшы екенін ескере отырып, компанияның тұрмыстық электроника өндіретін зауытын Қазақстаннан да ашу туралы ұсыныс жасадым. Бұл өз кезегінде отандық IT мамандар үшін жаңа жұмыс орындарының ашылуына серпін болмақ»- деп атап өтті Бағдат Мусин.
Кездесу соңында Министрлік басшысы «Samsung» өкілдерін осы жылдың қыркүйек айында Нұр-сұлтан қаласында өтетін «Digital Bridge-2022» форумына қатысуға шақырды.