Бекітілген іріктеу рәсіміне сәйкес, «Сарапшылық комиссияда әңгімелесу» кезеңіне ең жоғары нәтижелерге қол жеткізген 150 кандидат өтті.
«Сарапшылық комиссияда әңгімелесу» кезеңі 2025 жылғы 8-10 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің алаңында оффлайн-форматта өтеді.
Әңгімелесу презентация форматында өтеді. Кандидаттарға таңдаған салалық бағыт бойынша өзекті мәселені сипаттап, шешу жолдарын ұсынып, күтілетін нәтижелерді ұсыну қажет. Жобаның презентациясына 5 минуттан аспайтын уақыт беріледі, содан кейін кандидаттарға сұрақтар қойылады.
«Сарапшылық комиссияда әңгімелесу» кезеңіне өткен кандидаттар үшін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы оқытушыларымен дайындық кездесу ұйымдастырылады. Ол туралы толық ақпарат кандидаттардың жеке кабинеттеріне жоладанады.
Әңгімелесу қорытындысы бойынша Сарапшылық комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жастар кадр резерві жөніндегі Ұлттық комиссияның қарауына ұсынылған кандидаттардың тізімін қалыптастыратын болады.