Мемлекет басшысының азаматтардың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде жаңа өндіріс орындары мен жоғары өнімді жұмыс орындарын құруға бағытталған халықтың табысын арттырудың кешенді жоспары қабылданды.
«Экономикада жұмыспен қамтылу өсуді жалғастырып, 9,4 млн адамды құрады. 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте тұрақты жұмыспен қамтылғандар саны – 4,5 млн адам. Жұмыспен қамтуға және жалпы экономикалық белсенділікке айтарлықтай теріс әсер байқалмайды», – деді Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында.