Қазіргі уақытта Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес Солтүстік Аралдағы су көлемін 34 млрд текше метрге дейін жеткізу жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр.

2025 жылғы 1 қазаннан бүгінге дейін Сырдария өзені арқылы Солтүстік Арал теңізіне 1,4 млрд текше метр су жіберілді. Биылғы вегетация кезеңінде теңізге секундына 40 текше метр су ағызылып жатыр. Солтүстік Аралдағы су көлемі – 23,5 млрд текше метр. Өткен жылмен салыстырғанда теңіз суының тұздылығы орта есеппен 10%-ға төмендеп, 7,9 промиллеге жетті. Ал 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында теңізден 4,2 мың тонна балық ауланды.