Ынтымақтастық аясындағы ауқымды бастаманың бірі – республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны. Биыл марафонға бір миллионнан астам адамды тарту жоспарланған. Қатысушылар арнайы ұсынылған тізімдегі қазақ және орыс тілдеріндегі 300-ден астам шығарманың ішінен таңдау жасап, 15 кітапқа дейін оқи алады. Нәтижесінде жоба аясында оқылым санын 15 миллионға дейін жеткізу көзделіп отыр.

Меморандум аясында форумдар, фестивальдер, кітап көрмелері, шығармашылық кездесулер, дәрістер, семинарлар және өзге де мәдени-ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырылады. Олардың барлығы кітап оқуды кеңінен дәріптеуге, отандық қаламгерлер мен баспаларды, кітап саласын қолдауға, әдебиет пен креативті индустрия арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.