2025 жылдың қорытындысы бойынша азық-түлік өндірісінің көлемі 4 трлн теңгеге жетіп, 8,4%-ға артты.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында сала жоғары өсу қарқынын сақтап, өндіріс көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,7%-ға ұлғайды.

«Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі де тұрақты оң динамика көрсетіп, 1,6 трлн теңгеге жетті, бұл өткен жылдың деңгейінен 46%-ға жоғары. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында АӨК-тің негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 926 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 55%-ға артты», – деді ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Үкімет отырысында.