Мәдени іс-шара Абай Құнанбайұлының музыкалық мұрасын кеңінен насихаттауға, өскелең ұрпақтың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ жекеменшік қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерін ортақ шығармашылық алаңда біріктіруге бағытталды.
Іс-шара ашық аспан астында өтті. Әннің көпшілікпен бір мезгілде орындалуы ұлттық ән өнерінің байлығы мен құндылығын айшықтаған әсерлі музыкалық көрініске айналды.
Бірлескен өнер көрсету балалардың шығармашылық әлеуетін ашуға, орындаушылық шеберлігі мен сахналық мәдениетін дамытуға, сондай-ақ ұлттық мұраға деген құрметін нығайтуға ықпал етті.
Жоба сондай-ақ «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында рухани-адамгершілік, патриоттық және мәдени құндылықтарды қалыптастыруға үлес қосады.