Бұл көлем 130 мың пәтерді бір жыл бойы электр энергиясымен қамтамасыз етуге немесе халқы 400 мыңнан астам адамды құрайтын қаланың бір жылдық электр энергиясына деген қажеттілігін өтеуге жеткілікті.

Биыл Қазақстанда жалпы қуаты 2,6 ГВт жаңа генерация көздерін іске қосу жоспарлануда. Атап айтқанда, 4 газ электр станциясы пайдалануға беріледі, сондай-ақ екі электр станциясын кеңейту жоспарланған. Бұдан бөлек, жаңартылатын энергия көздерінің 10 жаңа нысаны іске қосылады.

Бұл жобаларды іске асыру 2027 жылдың бірінші тоқсанында елдегі электр энергиясы тапшылығы мәселесін шешуге, ал 2029 жылға қарай электр энергиясының тұрақты профицитіне шығуға мүмкіндік береді.