Жел энергетикасы ерекше орын алады. Өңірдегі ең ірі нысан – Аягөз ауданында орналасқан қуаты 100 МВт «Абай-1» жел электр станциясы. Сондай-ақ «Винд Чарск», «ВЭС-Чарск», «Чарск Ветер», DES Consulting, Ventum Energy және EastWindEnergy жел энергетикасы нысандары жұмыс істейді.
Күн энергетикасы Жарма ауданында орналасқан қуаты 30 МВт «Жангиз Солар» электр станциясымен ұсынылған.
Сонымен қатар облыста жел және күн энергетикасы саласындағы жаңа жобаларды іске асыру және пысықтау жұмыстары жалғасуда. Бұл өңірде «жасыл» энергетиканы одан әрі дамытуға қосымша мүмкіндіктер қалыптастырады.