ОРЫНДАЛДЫ:  2021 жылы мемлекеттік сатып алулардың жалпы көлемі 6,2 трлн. теңге. 2021 жылы бюджет қаражатын үнемдеу 485 млрд. теңгені құрады.

Құқық қорғау органдарына толық қолжетімділік қамтамасыз етілді.

Толық автоматтандыру қоғамның мемлекеттік сатып алудың барлық рәсімдеріне, оның ішінде шағымдану және бақылау процесіне қол жеткізуіне жол ашты.

2022 жылғы 3 қаңтардағы бәсекелестікті дамыту мәселелері жөніндегі заңмен бір көзден сатып алудың тағы 2 негізі алынып тасталды және 4 негіз бойынша бір көзден сатып алуды жүзеге асыру жағдайлары қайта қаралды.

Шарттарды тікелей жасасудың көрсетілген негіздерін алып тастау бір көзден сатып алуды тағы 50% - ға немесе сатып алудың жалпы көлемінің 20% - на дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Ашықтықты, айқындықты қамтамасыз ету және тең мүмкіндіктер беру бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден сатып алу үлесі 2015 жылдан бастап 2021 жылға дейін тиісінше 64% - дан 39% - ға дейін қысқарды.