2018-2019 жылдардағы күзгі-қысқы кезең тұрақты өтті. Тұтынушылар электр және жылу энергиясымен толық көлемде қамтамасыз етілді.

2018 жылға белгіленген энергия кәсіпорындарының негізгі жабдықтарын жөндеу жұмыстары толық көлемде орындалды Электр станциялары бойынша 8 энергоблок, 56 қазан және 44 турбина жөнделді. Сондай-ақ 28,3 мың км электр беру желілері мен орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағындағы 508 қазандыққа жөндеу жүргізілді.

Республиканың біртұтас электр энергетикалық жүйесінде ірі технологиялық бұзушылықтарға жол берілген жоқ. Жылу беру кезеңінде электр станцияларындағы электр генерациясының толық төмендеуінің 13 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылғы деңгейден екі есеге аз (2017/2018 КҚК 26 оқиға), олар нормативтік мерзімде қалпына келтірілді.

Электр станцияларының жылу желілері жұмысының температуралық кестесін сақтамауының 60 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылғы деңгейден 5 жағдайға аз.

Жылыту маусымын өткізу кезінде проблемалық мәселе отын үшін кредиторлық берешектің елеулі көлемі болып табылады. Ағымдағы жылғы мамырдың бірінші онкүндігіне жеткізілген газ үшін «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ алдындағы берешектері 5,771 млрд. теңгені құрайды.

2018 жылы Энергетика министрлігімен 312 мың. тонна көлемінде мазутты әлеуметтік-өндірістік объектілерге жеткізу бойынша өңірлердің Кестесі бекітілді (бағасы 80 мың теңге/тонна, нарықтағы бағасы 110 мың теңге/тонна).

2018-2019 жж. жылыту маусымында Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен «Арқалық ЖЭК» МКК үшін отын мазут бағасындағы айырмашылықты жабуға қаржы бөлінді.

Ағымдағы жылғы мамырдың басында энергия көздерінің отын қоймаларында 3,3 млн. тонна көмір және 115 мың. тонна мазут жинақталған, бұл өткен жылдың деңгейіне сәйкес келеді.

Біртұтас электр энергетикалық жүйесінде жағдай тұрақты. Ағымдағы жылғы маусымның басына (ағымдағы жылдың 12 мамырға) Республикада 39,458 млрд. кВт/сағ өндірілген және 39,446 млрд. кВт/сағ электр энергиясы тұтынылған, бұл өткен жылғы деңгейден 0,9% көп.

Жүйелік оператормен бекітілген Біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеу кестесіне сәйкес ағымдағы жылы 11 энергоблокты, 63 қазанды, 46 турбинаны жөндеу жоспарланған.

Ағымдағы жылдың мамыр айының бірінші онкүндігінде 1 энергоблок, 9 қазандық және 12 турбина жұмыстары аяқталды. Әр түрлі жөндеу сатыларында 6 энергоблокта, 20 қазандық пен 7 турбинада жұмыстар жүргізілуде. Жалпы жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр желілерін 2019-2020 жж.күзгі-қысқы кезеңге дайындау үшін энергия кәсіпорындары жалпы ұзындығы 25 426,572 км электр беру желілерін және 4 776 қосалқы станцияларды, РП, ТП жөндеуді жоспарлады.

Ағымдағы жылдың мамыр айының басында 2 315 км электр беру желісіне жөндеу жүргізілді, бұл жыл жоспарынан 5% - ды және 602 қосалқы станцияға немесе жылдық көлемнің 8% - ын құрайды.

2019 жылы орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын 561 қазандықты жөндеу жоспарланған.

Министрлік орталық және жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі ұйымдармен бірлесіп, күзгі-қысқы кезеңге дайындық және өту мәселелері бойынша тұрақты негізде салалық селекторлық мәжілістер өткізеді. Электр станцияларындағы отын қорын бақылау үшін жыл сайын көмір мен мазуттың орташа тәуліктік шығыны бекітіледі.

Алдағы күзгі-қысқы кезеңді табысты өткізу үшін ‘лектр станцияларында, электр желілерінде жоспарланған барлық жөндеу жұмыстарын орындап, энергия көздерінде отынның нормативтік жинақталуын қамтамасыз етіп, отын жеткізушілер алдындағы берешекті өтеуді қамтамасыз ету қажет деп санаймыз.

Электр-жылу өндіруші станцияларын қадағалау және бақылау басқармасы Телефон: +7 (7172) 740781, +77472415270 E-mail: g.sattykova@energo.gov.kz

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!