Орталық коммуникациялар қызметінде «Азаматтық қорғау органдарының су тасқыны кезеңіне әзірлігі» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин, «Қазгидромет» РМК бас директоры Марат Кынатов қатысты.

Юрий Ильин атап өткендей, ТЖК көктемгі су тасқыны кезеңінде су басу қаупі жоғары 505 елді мекен анықталды. Алматы (75), Шығыс Қазақстан (76), Батыс Қазақстан (72), Ақмола (46), Ақтөбе (35), Қарағанды (33), Қызылорда (31), Қостанай (52), Павлодар (14) және Солтүстік Қазақстан (18) облыстарында.

Тасқын және еріген сулардың халыққа және көлік инфрақұрылымына әсерін төмендету мақсатында 2017 жылдан бастап тасқын қауіп-қатерлерді болдырмау және жою бойынша Жол картасы (2017-2020 жылдарға) іске асырылуда. Жол картасы 2017-2020 жылдарға арналған. Онда 637 іс-шара көзделген.

Соңғы 2 жыл көлемінде 357 іс-шара іске асырылып, 2019 жылға 232 іс-шара жоспарлануда. 174 қорғаныс бөгеті салынып, нығайтылды, 119 гидротехникалық құрылыс, өткізу қабілетін арттыру арқылы 64 көпір жөндеуден өтті.

Тек соңғы бір жыл ішінде 240 шақырым бөгет салынып, жөндеуден өткізілді., 55 шақырым елді мекендер қоршалды және 493 шақырым су тасқыны қаупі бар өзен арналарында жұмыстар жүргізілді.

Су басуды болдырмау мақсатында жергілікті атқарушы органдармен келесідей жұмыстар жүргізілді:

  • елді мекендерден 8,8 млн. текше метрден астам қар шығарылды;
  • ЖЖМ (10,4 мың тонна), инертті материалдар (257 мың тонна), қаптар (1 млн. дана) және жарылғыш заттар (36 тонна) қоры жасақталды;
  • төтенше резервтер мен кезек күттірмейтін шығындарға арналған резервтерде 19,4 млрд. теңге қаржы көзделген;
  • автомобиль және темір жол көпірлері астындағы 18 мың су өткізу құрылыстары тазартылды.

Бұдан басқа, ТЖК бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, рейдтік іс-шаралар шеңберінде 999 елді мекеннің дайындығын тексерді.

Тұрғындармен аула-аумақтардан қарды шығару, су тасқыны кезіндегі іс-қимыл ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті республиканың барлық су қоймаларында тасқын суларды қабылдау үшін бос сыйымдылықтар қорын құруға бақылауды жүзеге асырады.

Өзендердегі мұз құбылыстарына мониторинг жүргізілуде.

Елді мекендерде инженерлік-қорғау іс-шараларын жүргізуді талдау және гидрометеорологиялық жағдайды болжау нәтижелері бойынша ТЖК 2019 жылы су тасқыны қаупі бар облыстар үшін елді мекендерді су басу қаупінің деңгейі (жоғары, орташа және болмашы) есептелген.

Мәселен, жоғары тәуекел деңгейіне Батыс Қазақстан (65), Ақмола (46), Қостанай (39), Шығыс Қазақстан (24), Қарағанды (20), Солтүстік Қазақстан (6) облыстарының 200 елді мекендері кіріп отыр.

Орта тәуекел деңгейіне (117) - Алматы (43), Қызылорда (31), Ақтөбе (25), Павлодар (8), Жамбыл (6) және Түркістан (4) облыстары жатқызылды. Тәуекел деңгейі болмашы аймақтар - Атырау және Маңғыстау облыстары. ТЖК су тасқыны жағдайының ықтимал күрделенуіне жедел ден қою мақсатында ішкі істер органдарының күштері мен құралдарының арнайы топтары құрылып, жалпы саны 15 мың адам мен 2 мыңнан астам техника жұмылдырылды. Құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін барлық бөлімшелер (оның ішінде азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері) қажетті техникамен, жабдықтармен және жарақтармен қамтамасыз етілген. 2018 жылы республикалық бюджет және жергілікті бюджет есебінен қосымша арнайы су сорғыш құрылғылар (700 мотопомпа), құрал-саймандар мен киім-кешектер (3442 жиынтық) сатып алынды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланымен зардап шеккен халық үшін 3 лагерь дайын.

Жекелеген өңірлерде су тасқыны жағдайы шиеленісуі мүмкін болған жағдайда азаматтық қорғау құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдарын қосымша көшіру мәселелері пысықталды.

Ағымдағы жылдың 26-27 ақпанында «Көктем-2019» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғау жүйесінің басқару органдарының, күштері мен құралдарының іс-қимылдары практикада пысықталды, оның штабы Петропавл қаласында орналасты.

  1. Жалпы, азаматтық қорғау органдарының барлық бөлімшелері толық әзір.

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!