Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан бойынша көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында «Анашым, біз үйдеміз» жобасының тұсау кесуіне арналған баспасөз-конференция өтті.

«31 арна» ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесе отырып, Қазақстан бойынша көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында «Анашым, біз үйдеміз» жобасын бастайды. Миллиондаған телекөрерменнің көз алдында қарапайым пәтерлер мен үйлер толық жаңарып, көпбалалы отбасылардың өмір сүруі үшін барынша ыңғайлы баспаналарға айналады. Пәтер және жөндеу мәселелері – қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі, ал көпбалалы отбасылар үшін әсіресе маңызды. Бірақ, әдетте, өз тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұндай отбасылардың мүмкіндіктері жоқ. «31 арна» ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірге көпбалалы отбасыларға қадам жасап, әрбір отбасы мүшесінің өмір сүру ерекшеліктеріне сай, жайлы және заманауи тұрғын үй жайлы армандарын іске асырмақ.

«Көпбалалы отбасының күнделікті тұрмысында өзекті мәселелер жетерлік. Олардың көбі баспана мәселесіне қатысты. Біз «Анашым, біз үйдеміз» жобасы көпбалалы отбасылардың үйлеріндегі интерьерді жаңартып қана қоймай, шаңырақтарына шаттық сыйлайды деп сенеміз. Әрбір серия – жеке шығарылым, бүтін бір отбасының жеке тарихы», – деп атап өтті «31 арнаның» бас директоры Юрий Бродский.

Жобаны дайындау 15 мамырда басталады. Оған қатысу үшін өтінішіңізді dom@31.kz электрондық поштасына жіберу немесе +7 708 26 77 326 телефон нөмірі арқылы жоба координаторымен байланысу қажет. Ал 11 тамыздан бастап "31 арнаның" көрермендері әр отбасымен" жеке" танысып қана қоймай, олардың пәтерлері мен үйлерінің барынша көркейе түсіп, қатысушыларға сыйлаған қуанышына куә болады.

БАҚ өкілдері үшін байланыс: 31 арнаның атқарушы продюсері Анна Гулиева +7 777 779 1798

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!

Вице-министр индустрии и инфраструктурного развития Аманияз Ержанов:

"В рамках третьей пятилетки, мы сфокусируемся на развитии высокопроизводительной и экспорто-ориентированной обрабатывающей промышленности. Это позволит к 2025 году увеличить производительность труда в 1,7 раза"

Министр образования и науки РК Асхат Аймагамбетов:

«Для участия в ЕНТ подали заявки 117 242 человека, в том числе более 96 тысяч выпускников этого года или 72% от общего числа выпускников школ, а также более 20 тысяч выпускников колледжей и зарубежных организаций образования прошлых лет»

$317 млн инвестировала Индия в экономику Казахстана

3500 военнослужащих будут обеспечены собственным жильем в 2019 году