Орталық коммуникациялар қызметінде 2019 жылы Қазақстанның солтүстік аймақтарындағы көктемгі дала жұмыстарының басталуына арналған баспасөз конференциясы өтті. Оған АШҒӨО бас директоры Кенже Абдуллаев қатысты.

Журналистермен кездесу барысында орталық басшысы Ақмола облысындағы көктемгі-дала жұмыстарының басталуы, АШҒӨО жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ауыл шаруашылығын цифрландыру бағдарламасын жүзеге асыру, ғалымдарға роялти төлеуді қалпына келтіру туралы айтып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

«А. И. Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС жарғылық капиталын ұлғайтып, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру арқасында 2018 жылы жалпы сомасы 823 млн теңгеге 19 дана ауыл шаруашылығы техниксы мен 21 дана арнайы жабдық сатып алынды. Оның ішінде 63 млн теңгеге 6 автокөлік және 432 млн теңгеге 11 трактор, 184 млн теңгеге 2 комбайн және 144 млн теңгеге ауыл шаруашылығы жабдықтары бар.

Еліміздің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-тің негізгі бағыттары бойынша 10 және одан да көп жыл жүзеге асатын ұзақ мерзімді салалық бағдарламалар әзірледі. Осыған орай суармалы жерлерді дамыту жөніндегі іс-шаралар Жоспары бекітілді. Бағдарламаның негізгі мақсаты - 3,5 млн га суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету. Бүгінгі күні Қазақстан бойынша суармалы жерлердің көлемі - 1,4 млн. гектар. Жоспарды іске асыру айналымнан шығып қалған, алайда іске жарамды 600 мың га суармалы жерді қалпына келтіруді және жаңа 1,5 млн га жерді іске енгізуді көздейді.

Осылайша 2028 жылға қарай қалпына келтірілетін және жаңадан іске қосылатын суармалы жерлерге байланысты бағдарламаларды іске асыру нәтижесінде суармалы жерлерден түсетін жалпы табыс 3 727 млрд. теңгеге дейін, 1 қызметкерге өндіріс 5,8 млн. теңгеге дейін өсуі көзделіп отыр.

А. И. Бараев атындағы АШҒӨО-да заманауи суару тәсілдерін, суару режимдерін және ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің инновациялық агротехнологияларын енгізіп, алынған тәжірибені ары қарай ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қызметкерлеріне үйрету және оқыту мақсатында 189 га аумақта суармалы полигон құрылып жатыр.
Нақты егіншілікті енгізу аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі фермалардың 3 деңгейін анықтап берді: цифрлы ферма, озық және базалық. Олар үшін қажетті элементтер жиынтығы да анықталды. Ендігі жұмыс мемлекеттік қолдау арқылы фермердің өз деңгейін арттыруға бағытталатын болады.

Нақты егіншілікті енгізудің ағымдағы жай-күйі келесідей: облыстық әкімдіктердің деректері бойынша 114 «озық» шаруашылық пен 10 «цифрлық» ферма бар. Басы жаман емес, алайда әкімдіктер мемлекеттік қолдау шаралары арқылы шаруашылықтарға цифрлық дамытуды одан әрі жетілдіру қажет.

Базалық деңгей барлық егіс алқаптарын цифрландыру, сондай-ақ топырақтың агрохимиялық жай-күйі туралы карталарды іске қосу арқасында Е-АӨК бағдарламасы арқылы қамтамасыз етіледі. Енді базалық деңгейден озық және ары қарай цифрлық фермаға көшу қажет. «Цфирлық эволюция» деп аталған тізбек әзірленді және енгізіліп жатыр.

Егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру ауыл шаруашылығын дамыту үшін стратегиялық маңызы бар. Егістікті пайдалану құрылымында қалыптасқан жағдайға жүргізілген талдау оны облыстың топырақ-климаттық аймақтары бойынша жетілдіру мүмкіндігін көрсетеді.

Алайда Ақмола облысында егіс құрылымында дәнді дақылдар жаздық егістіктің 84 пайызын алады. Оның ішінде жаздық бидайдың үлесі 77% құрайды. Егістікті пайдалану құрылымында жарма және күздік дақылдар бар-жоғы 0,2%.
Сондай-ақ егістік құрылымындағы дәнді-бұршақты дақылдар егістігін кеңейтудің оң мәні бар. Дәнді-бұршақты дақылдарың ең өнімдісі – бұршақ. Орташа есеппен 20 жылда таза пар бойынша бұршақ тұқымының өнімділігі 15,1 ц/га, ал орылған жер бойынша-14,6 ц/га.

Ауа райы қолайлы солтүстік аудандарда бұршақ өсіру тиімді. Дәнді-бұршақты дақылдардан жақсы нәтижелерді, әсіресе қуаң аудандарда, ноқат береді. Ноқат-құрғақшылыққа төзімді және жоғары технологиялық дақыл. Ол орақ кезінде жатып немесе шашылып қалмайды. Пар бойынша ноқаттың өнімділігі 12,3 ц/га, ал орылған жер бойынша - 11,2 ц/га құрады.

Соңғы жылдары өндіріс жағдайында жасымық егу кең таралған. Бұрын Қазақстанда жасымық егілмеген және аз зерттелген дақыл болып қала берді. Орта есеппен 12 жыл ішінде дәнді дақылдар бойынша жасымықтың өнімділігі 9,6 ц/га құрады.

«Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі № 422-І Заңына сәйкес патент иесі өзінің селекциялық жетістігін пайдалануға, оның ішінде өндіруге немесе ұдайы өндіруге, тұқымдарды көбейту мақсатында егіс кондициясына дейін жеткізуге, сатуға ұсынуға айрықша құқығы бар. Осының негізінде патент иеленуші болып табылмайтын кез келген тұлға селекциялық жетістікті патент иеленушінің рұқсатымен ғана лицензиялық шарт негізінде пайдалануға құқылы (Заңның 18-бабы). Осыған орай «А.И.Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС заңнамалық деңгейде роялти (лицензиялық сыйақы) жинаумен айналысатын бірнеше ғылыми кәсіпорындардың бірі. Соңғы үш жылда кәсіпорын 32 лицензиялық шарт жасасты. Нәтижесінде 2016 жылы-23 млн теңге, 2017 жылы - 47 млн теңге, 2018 жылы-27 млн теңге түсті. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сортты жасауға қатысқан авторларға түскен роялти сомасының 30 пайызы төленеді. Осылайша 2016 жылы - 7 млн теңге, 2017 жылы – 14 млн теңге, 2018 жылы-8 млн теңге авторлық сыйақы төленді.

Facebook: https://web.facebook.com/baraevkz/ Instagram: https://www.instagram.com/baraevkz/ Сайт: www.baraev.kz Пошта: info@baraev.kz Телефондар: 8 (716) 312-30-29, 87757966119.

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!

Первый заместитель Премьер-Министра - министр финансов РК Алихан Смаилов:

«Если касается только списания потребительских кредитов, то это акция одноразовая, такого мы больше не планируем делать. Что касается в целом социальной поддержки, то да, наша социальная поддержка должна быть направлена на то, чтобы граждане в определенной тяжелой жизненной ситуации могли получить поддержку с тем, чтобы далее трудоустроиться и получать уже стабильные доходы»

Премьер-Министр РК Аскар Мамин:

«С 1 сентября будет дополнительно выделено 5 тыс. целевых образовательных грантов для детей из малообеспеченных и многодетных семей, на 30% повышена стипендия по рабочим специальностям»

52,9 млрд кВт/ч электроэнергии произведено в Казахстане

37,9 млн тонн нефти добыто в Казахстане в I полугодии