«Еуроодақ – Қазақстан: медиа әріптестікті нығайту» журналистер байқауыныңжүлдегерлері анықталды

Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен БАҚ саласындағы біліктілікті арттыру орталығымен бірлесе отырып, қазақстандық журналистерге арналған «Еуроодақ – Қазақстан: медиа әріптестікті нығайту» атты кәсіби халықаралық тағылымдама байқауының қортындыларын шығарды.

Байқау Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы қатынастарды кеңейтуге әрі нығайтуға, ашық диалог қалыптастыруға және Қазақстан медиа қауымдастығында Еуропалық Одақ туралы хабардарлықты жетілдіруге бағытталған.

Өтінімдерді қабылдау осы жылдың 28 наурызынан 30 сәуіріне дейін жүргізілді. Байқаудың нәтижесінде Еуропалық Одақ және Қазақстан ынтымақтастығының өзекті мәселелері бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде БАҚ өкілдерінен 47 жұмыс қабылданды. Олардың ішінен байқау ережелері бойынша барлық талаптарға сай 26 өтінім іріктелді.

Қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша төрт жеңімпаз Брюссель (Бельгия) және Бішкек (Қырғызстан) қалаларында тағылымдамадан өтуге жолдама алды. Қатысушылардың бағдарламасында Еуропалық парламент, ЕО Кеңесі, Еуропалық комиссия, Еуропалық сыртқы істер қызметі және Брюссельде журналист пулы қызметімен танысу көзделген. Сондай-ақ, сапар барысында қатысушылар European Development Days 2019, ЕО-Орталық Азия министрлік басқосу, "ЕО-Орталық Азия" форумына қатысып, ЕО Жоғарғы өкілі Федерика Могерини ханыммен кездесуге мүмкіндік алады.

Қосымша ақпарат бойынша үйлестіруші Айнұр Мырзағалиева ханымға +7 (7172) 757879 немесе Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің Баспасөз және ақпарат хатшысы Эльнара Байназарова ханымға хабарласуыңызды өтінеміз: +7 7172 974567, elnara.bainazarova@eeas.europa.eu

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!