Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Рамазан айына орай, қажыларға қойылатын халықаралық талап, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының және менингококкты инфекцияларының алдын алу туралы баспасөз конференциясы өтті. Іс-шараға ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының Бас имамы, Республикалық "Әзірет Сұлтан" мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ қажылық бөлімі меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Төрағасы – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин қатысты.

ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай қажы Тағанұлы өз сөзінде келген Рамазан айының қадір қасиетін айтып, ҚМДБ тарапынан жасалып жатқан іс-шаралар туралы баяндады. Наурызбай қажы Тағанұлы қайырымдылық шаралары қасиетті рамазан айында еліміздің түкпір-түкпірінде көптеп ұйымдастырылып, қоғам арасында Рамазан шуағы кеңінен жайыла түсетінін айтты.

«Биылғы Рамазан айында Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінде де дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Мұқтаждың мұңын бөліс!», «Мейірімділік мекені», «Жақсылықта жарысайық» атты қайырымдылық акциялары үлкен көлемде ұйымдастырылатын болады. Сондай-ақ, Ораза айт мерекесіне орай «Айттық бізден болсын!» қайырымдылық шарасы өткізіледі», - деді спикер.

Бірнеше жыл бойы қатарынан өткізіліп келе жатқан қайырымдылық акциялар аясында қаладағы барлық құлшылық ордалары мұқтаж отбасыларға азық-түлік, ақшалай көмек көрсетіледі.

«Рамазан айында Елордамыздағы Қарттар үйі, Балалар қалашығы, Зағиптар қоғамы, мүгедектер қауымдастығы секілді әлеуметтік ұйымдарға да арнайы мешіт атынан қайырымдылық шаралары жасалып келеді. Биылғы жылы да бұл игі шара өз жалғасын табатын болады», - деді ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары.

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Төрағасы – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин өз сөзінде қажылық өтейтін Сауд Арабиясы коронавирустық инфекция, менингококк инфекциясы бойынша қолайсыз ел екенін айтып өтті.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін әлемде таяу шығыс респираторлық синдромының коронавирусымен сырқаттанудың 2103 зертханалық расталған жағдайы тіркелген, оның ішінде 730-ы өліммен аяқталған, оның 80%-дан астамы - Сауд Арабиясында», - деді Ж.Бекшин. Сондай-ақ, еліміздің Бас санитарлық дәрігері қажылыққа барардағы халықаралық талаптар туралы, оның елімізде қалай өтетіні туралы айтты. «2000 жылдары қажылық кезінде менингококк инфекциясының өршуіне байланысты Сауд Арабиясы Корольдігінің Денсаулық сақтау министрлігінің адамдардың қажылыққа дайындалу мәселесіне қоятын маңызды талабы – ол дәрігердің қорытындысы бар медициналық тексеру және міндетті түрде менингококк инфекциясына қарсы вакцинациялау. Менингококк инфекциясына қарсы вакцинация еліміздің 8 өңірінде (Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында) жүргізіледі, қазіргі уақытта қажылыққа баратын адамдарға егілетін вакцина өңірлерге жеткізіліп жатыр, оны биылғы жылғы 15 мамырдан бастап алуға болады (вакцинаның 1985 дозасы), сондай-ақ маусымның бірінші жартысында менингококк инфекциясына қарсы тағы да вакцинаның 6000 дозасы қосымша жеткізілетін болады».

Сондай-ақ, Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Төрағасы көктемнің келуімен бірге табиғат жанданып, аса қауіпті инфекциялар - Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошақтары аумақтарындағы профилактика мәселелеріне тоқталып өтті.

«Қазақстандағы КҚГҚ-ның табиғи ошақтары Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының және Шымкент қаласының аумақтары болып табылады. Жыл сайын КҚГҚ бойынша қолайсыз өңірлерде КҚГҚ-ның 9-дан 25-ке дейінгі жағдайы тіркеледі, бұл ретте жыл сайын өлім-жітім тіркеледі. 2018 жылы республика халқы арасында КҚГҚ ауруының 18 жағдайы тіркелді, оның ішінде 5 жағдай Түркістан облысында, 9-ы Жамбыл облысында және 4-уі Қызылорда облысында», - деді спикер.

18 жағдайдың 4-уі өліммен аяқталды, оның ішінде 1-еуден Жамбыл, Қызылорда обл. және 2-уі Түркістан облысында. Өліммен аяқталған КҚГҚ ауру жағдайлары жыл сайын барлық эндемиялық өңірлерде тіркеледі.

Ағымдағы жылы Жамбыл обл. ата-анасымен Қырғызстаннан келген Өзбекстан азаматшасының 10 жасар баласында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының бір әкелінген (Өзбекстаннан) жағдайы тіркелді.

Табиғи ошақтардың тұрақты болуының себебі осы аумақта КҚГҚ вирусын тасымалдаушы кенелердің мекендеуі болып табылады. Кене шаққанда инфекция бір жылы қанды жануардан екіншісіне, соның ішінде адамға қан арқылы беріледі. Инфекцияның негізгі көзі кене болып табылады.

Бұдан басқа бұл өңірлерде ауыл шаруашылығы жануарлары мен үй құстары да адамға ҚКГҚ-ны жұқтыру көздері болып табылады, ауыл шаруашылығы жануарларын бағу, сауу кезінде, әсіресе оларды қырқу, сою кезінде жұғады.

Бұл жағдайдың ушығуына кенелердің көбеюіне алып келетін елді мекендердегі антисанитариялық жағдай ықпал етеді (сарайлардағы қи, тұрмыстық қоқыс және стихиялық қоқыс тастайтын жерлер, елді мекендердің айналасындағы жануарлардың өлекселері).

КҚГҚ таралуының алдын алу үшін кенеге қарсы өңдеуді уақтылы жүргізу қажет. Дезинсекциялық препараттармен тиімді өңдеу үшін аумақты алдын ала міндетті түрде тазалау қажет. Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті халықтың КҚГҚ-мен сырқаттануының алдын алу бойынша іс-шаралар өткізеді:

  • эпидемиологиялық маусым кезеңінде эпидемиолог-ық жағдайға апта сайын мониторинг жүргізіледі;
  • КҚГҚ бойынша қолайсыз барлық елді мекендердің айналасында санитариялық-қорғаныш аймақтарын құру үшін аумақты кенеге қарсы өңдеу жүргізіледі;
  • КҚГҚ-дан сақтануды арттыру мақсатында медицина қызметкерлерімен семинарлар өткізілді;
  • КҚГҚ бойынша халық арасында санитариялық-ағарту жұмыстары жүргізіледі, оның барысында аурудың алғашқы белгілері, сондай-ақ кене шаққан жағдайда міндетті түрде және уақытында медициналық ұйымдарға жүгіну қажеттігі түсіндіріледі;
  • КҚГҚ табиғи ошағында тұрған медициналық мекемелерде КҚГҚ-мен ауыратын науқастарды емдеу үшін вирусқа қарсы препараттар мен иммунизацияланған плазма қоры бар.
  • Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарымен бір мезгілде ветеринариялық қызмет мамандары буферлік аймақтарға (бұталар, суаттар және тұрақты немесе уақытша елді мекендердің төңірегіндегі ауыл шаруашылығы жануарларының басқа да тұратын орындары), мал мен мал қораларына кенеге қарсы өңдеу жүргізеді.

КҚГҚ-дан қорғану мақсатында халыққа мынадай кеңес береміз:

  • Жануарларды қырқу кезінде қолғапты пайдалану, қолғапты шешкеннен кейін қолды сабынмен жуу қажет. Кенені қолмен жаншуға жол бермеу.
  • КҚГҚ бойынша эндемиялық өңірлерде табиғатқа немесе жайылымға шыққан кезде кенелердің шағуын болдырмау үшін ұзын жеңді ашық түсті тығыз матадан жасалған киім кию қажет. Шалбар шұлыққа және жабық аяқкиімге салынуы тиіс. Өздеріңізді және киімдеріңізді кенені табу үшін қайта-қайта мұқият қарау керек.
  • Дененің ашық бөліктері мен киімді реппелленттермен өңдеу;
  • Кене шаққанда, кенеттен температураның көтерілуі, жиі (70%) қалтырау, қарқынды бас ауыруы, барлық дененің сырқырауы, кейде жүрек айну мен құсу, мұрыннан, қызыл иектен қан кету, бет терісінің, мойынның және дененің жоғарғы бөлігінің гиперемиясы сияқты аурудың алғашқы симптомдары байқалғанда тез арада дәрігерге қаралу керек;
  • КҚГҚ-ның табиғи ошағында орналасқан елді мекендерде жүйелі түрде аумақты қи мен қоқыстан тазарту, арам шөптерді шабу және өртеу, бұталарды тазарту, саңылауларға, жарықтарға, індерге алдын ала мазут, автол, креолин құйып, жөндеу және бітеу қажет. Мал қораларындағы жарықтар мен індерді бітеуге пайдаланылатын саз және басқа да құрылыс материалына алдын ала көрсетілген заттарды сіңдірген дұрыс.
Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!

Вице-министр индустрии и инфраструктурного развития Аманияз Ержанов:

"В рамках третьей пятилетки, мы сфокусируемся на развитии высокопроизводительной и экспорто-ориентированной обрабатывающей промышленности. Это позволит к 2025 году увеличить производительность труда в 1,7 раза"

Министр образования и науки РК Асхат Аймагамбетов:

«Для участия в ЕНТ подали заявки 117 242 человека, в том числе более 96 тысяч выпускников этого года или 72% от общего числа выпускников школ, а также более 20 тысяч выпускников колледжей и зарубежных организаций образования прошлых лет»

$317 млн инвестировала Индия в экономику Казахстана

3500 военнослужащих будут обеспечены собственным жильем в 2019 году