Astanawinterland тұжырымдамасының аясында фотосуреттерді ұнататындар өз идеяларын іске асырып, сыйлыққа ие бола алады деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 5 қаңтарда екінші қысқы инстамит өтеді. Оның аясында архитектуралық фотосуреттер бойынша байқау ұйымдастырылмақ. Аталмыш шара мұз мүсіндер мен жаңажылдық инсталяциялары бар Astana Winter Land-тың ғажайып атмосферасына бөленуге көмектеседі. Қалада қысқы демалысты өткізуге мүмкіндік беретін 9 жер бар. Олардың ең үлкені «Шығыс ертегсі: 1001 түн» қалашығы Ботаникалық бақта орналасқан. Қысқы ойын- сауыққа арналған алаңдар, сондай-ақ, Ататүрік саябағында, Есіл өзенінің жағалауында, қалалық әкімдік алдындағы алаңда, «Хан шатыр» СОСО аумағында, «Қазақ елі» монументі алдындағы алаңда ұйымдастырылған.
Инстамиттің жеңімпазы 100 000 теңгелік ақшалай сыйлыққа ие болады. Тіркелуге ниет білдіргендер толық ақпаратты мына телефон бойынша біле алады: +7 775 303 9539.