Top.Mail.Ru

«Дипломмен ауылға» жобасы аясында 60 мың маманға әлеуметтік қолдау көрсетілді, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі

«Дипломмен ауылға» Nur Otan партиясы алаңында жасалған жоба болатын. 2009 жылдан бастап қазірге дейін жоба аясында 54 мың жас ауылға кеткен. Оның ішінде денсаулық сақтау, білім және ауыл шаруашылығы мамандықтарын игерген азаматтар көп», - дейді Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы міндетін атқарушы Асхат ОРАЛОВ.

Сонымен қатар, бағдарлама бойынша әлі де шешілмеген мәселелер бар екенін атап өтті.

«Жобаны талдай келе байқағанымыз - ол жерде әлі де болса шешілмеген мәселелер бар. Оның бірі - егер ауылда қыз немесе жігіт отау құрғаннан кейін көрші ауылға барып тұратын болса, оның бағдарламасын ауыстыру шешілмеген. Сол секілді көптеген мәселелер бар. Сол себепті Жастар жылы аясында осы мәселелерді қамти отырып, «Дипломмен ауылға» жобасын жаңа деңгейге шығару жоспарланып отыр», - дейді ол.

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!