Top.Mail.Ru

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының жанында жастар ресурстық орталықтарының директорларының Әдістемелік кеңесі жұмыс істейді, тәжірибе алмасу үшін «ЖасTalks» пікір талас алаңы жұмыс істейді деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«Жастар ресурстық орталықтарына және басқа да мемлекеттік жастар саясаты институттарына ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету мақсатында Орталықтың жанында Жастар саясаты мектебі құрылды және жұмыс істейді. Бұл мектеп жастармен жұмыс істейтін мамандарды сертификатталған оқытудың жаңа пішіндерін – семинар-тренингтерді, вебинарларды ұсынады. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жалпы алғанда жастармен жұмыс істейтін 3000 астам маман, жастар органдары мен жергілікті атқарушы органдардың өкілі қамтылған 40 астам семинар-тренингті, вебинарды, диалогтық алаңын, жастар лагерін өткізді», - деді «Жастар» ғылыми зерттеу орталығы» ЖШС директоры Талғат Қалиев.

«Жастар ғылыми зерттеу орталығы Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің тұрақты әріптесі болып табылатынын да атап өтті.

"Дүниежұзілік банктың, Youth Policy Lab тың, ЮНИСЕФ т.б. тапсырысы бойынша «Жас журналистер үйірмесі», «NEET санатындағы жастармен жұмыс» сынды бірнеше халықаралық жобаларды сәтті жүзеге асырды", - деді Т. Қалиев.

Сондай-ақ, 2013 жылдан бастап «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жыл сайын Қазақстан жастарының жай-күйі туралы Ұлттық баяндамалар дайындайды, мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі бағыттары бойынша зерттеулер жүргізеді. Ұлттық баяндама жастар жағдайын кең ауқымды мәселелер бойынша жыл сайынғы жан-жақты талдау болып табылады.

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!