2015-2019 жылдарға арналған ИИДМБ шеңберінде 581 млрд. теңге тартылды, Банк 544,2 млрд. теңге сомасына 26 инвестициялық жобаны мақұлдады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазақстанның Даму Банкі АҚ басқарма төрағасы Абай Сарқұлов шаралардың тиімділігі туралы айтып берді.

«Даму Банкі 581 млрд. теңге тартты, шамамен 502 млрд. теңгені игерді. Бұл қаражат 16 жоба бойынша жұмыс істеп тұрған өндірістер есебінен мынадай нәтижені қамтамасыз етті: инвестицияланған бір теңгеден сатылған дайын өнім шығарудың 4,2 теңгесі, экспорттық түсімнің 2,9 теңгесі, салық төлемдерінің 0,6 теңгесі алынды.

Сондай-ақ, Ақтөбе ағаш арқалық зауыты, Екібастұз қаласындағы ПромМашКомплект, Қарағанды облысындағы YDD, Макинск құс фабрикасы сияқты ірі ауқымды жобалар іске асырылып, өткен жылы Алматы облысындағы Hyundai автомобиль құрастыру зауыты іске қосылды. Егер «Нұрлы жол» бағдарламасы туралы айтатын болсақ, банк экспорттық операцияларды қаржыландыру жөніндегі оператор болып табылады.

Экспорттық операцияларды қаржыландыру есебінен біздің өнім бүгінгі күні шамамен 80 елге экспортталады. Бұл аммиак селитрасы, алкогольсіз сусындар, сүт өнімдері, яғни біз барлық елдерге жол ашып, мүмкіндік береміз, экспорттаушыларға қаржылық қолдау көрсетеміз», - деп түйіндеді ҚДБ басшысы.