Және олар әлі де сұранысқа ие. Бұл мәселені шешу үшін 20 ПТР-талдағыш және 8 жылжымалы зертхана сатып алынады. Күніне 35 мыңға дейін тестілеу эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша симптомдары бар пациенттерге және байланыста болған адамдарға жасалатын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, компьютерлік томография енді қатаң түрде дәрігердің жолдамасы бойынша ғана жүргізіледі. Осындай шектеу томографтарға деген қолжетімділікті арттыру үшін енгізілді.

«Клиникалық хаттамадағы соңғы өзгерістерге сәйкес, пневмонияны рентген-аппараттарда да диагностикалауға болады. Олардың саны ел бойынша көп, бағасы да қолжетімді», - деп мәлімдеді А. Цой.