«Тыңдау» жобасы ұсыныстары қызмет алушылардың пікірі негізінде қалыптасады, олармен онлайн қызметтерді алу барысында туындайтын мәселелер белгіленіп, нақты тиісті ұсыныстар қалыптастырылады. Бүгінгі таңда «Тыңдау» жобасы аясында мүдделі мемлекеттік органдар тарапынан Агенттік бұған дейін анықтаған 100 мәселе бойынша тиісті шаралар қабылданды, оның ішінде «электрондық үкімет» порталындағы электрондық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді Агенттік төрағасының орынбасары.


Қазіргі кезде 65 қызмет бойынша олқылықтар түзетіліп, 35 қызмет бойынша оларды электрондық нысанда толыққанды көрсету мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр.