Оның айтуынша, қазіргі кезде өңірлермен қарқынды жұмыс жүргізілуде.

«Президенттің тапсырмасымен Жол картасы 2021 жылға тағы да ұзартылды, бірақ сын көп айтылды. Сондықтан Еңбек картасы бойынша жаңа тәсілдер қабылданды, инфрақұрылымдық жобалар саны азайды, бірақ жаңа бақылау түрлері енгзілді. Енді жобаларды бәріміз бақылаймыз. Мемлекет жұмсаған әрбір тиын тиімді, қайтарымды болуы керек. Көздеген қаражат орнына барып, соның қайтарымды болуын қадағалаймыз», - деді спикер. 


Ведомствоның хабарлауынша, жаңа жұмыс орындарының атласы әзірленіп, жаңа бағыттар анықталады. Бұл ретте цифрлық жұмыс орындарын құруға баса назар аударылуда. 


«Қазір еңбек нарығының құрылымы қатты өзгеріп жатыр. Кейбір мамандықтар мүлдем жойылып, жаңалары пайда болуда. Қызмет түрлерінің көбі онлайнға ауысып жатыр. Сондықтан біз де сол өзгерістерден тыс қалмай жаңа бағдарламаларды тұжырымдамаларды қолданамыз. Жаңа оқу түрлерін енгіземіз, жұмысқа орналасатын адамдардың білім деңгейін арттырамыз. Ол арқылы адамдарды кәсіпкерлікке, жаңа жұмысқа орналасуға ынталандырамыз. Барлық өңірлерге декомпозиция жасалған, әр өңірде қанша жұмыс орны ашылды, қай салада, қай мекемеде, осының барлығы жоспарланады», - деді Е.Біржанов.