Оның айтуынша, бірінші кезеңде пилоттық жобаға қабылдау аймағы бар нысандар – фитнес-залдар, бассейндер, СПА кірді. Екіншісінде - компьютерлік клубтар мен боулинг орталықтары, 14 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында кинотеатрлар мен театрлар жобаға қатысуға мүмкіндік алды.


«Статусы қызыл түсті адамдар анықталды, яғни ауру жұқтырғандар, олармен байланыста болғандар келген. Көп болмаса да, ондайлар болды. Жұма күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда театрлар ашылады, 14-нен бастап басқа өңірлер – Ақтөбе, Тараз, Талдықорған, Ақмола облысы қосылады. Аталған қалалар бойынша 619 қатысушы бар, бұған қоса, басқа өңірлерде тестілік режимде жұмыстар жүргізілуде, 26-нан бастап қызмет түрлері кеңейеді - 78 субъект. Пилоттық жобаға қатысам деушілер 1,5 мыңға жуық, қоғамдық тамақтануды ескерсек, қатысушылардан 4275 өтінім келіп түскен. Бұл өз еркімен қатысушыларды есептемегенде, бұл жеңілдіктерді пайдаланғысы келмейтін, бірақ жұмыс істегісі келетін, келушілердің, қызметкерлердің ауру жұқтырғанын тексергісі келетін бизнес субъектілері. Аурудың таралуын бақылау тұрғысынан бұл жақсы қызмет», - деп атап өтті ұлттық палата өкілі.