«Біріншісі, «Атамекен» ҰКП өңірлік палатасы арқылы. Кәсіпкер infokazakhstan.kz сайтында өтінім қалдырып, өңірлік палатаға қатар жүгінеді. ЭҚЖЖ жобасының талаптарына сәйкестігін тексергеннен кейін Жеке кабинетте тестілік режимде оқуға және жұмыс істеуге мүмкіндік беретін код шығады. Оқыту 7 күнге созылады, содан кейін ақпарат әкімдік сайтына көшіріледі. Екіншісі – тамақтану және көптеген бизнес субъектілері жұмыс істейтін салаларға ұқсас. Онда қоғамдық бірлестіктер, қауымдастықтар тартылады. Салалық қауымдастыққа өтініш жіберу керек, содан кейін infokazakhstan.kz сайтынан qr-код алу керек», - деді Юлия Якупбаева.


Оның айтуынша, өңірлік палаталарға инфографикасы бар жадынамалар беріліп, әкімдердің жауапты орынбасарлары бекітілді. Ешқандай қиындықтар жоқ. Өткен аптада платформаны «ҰАТ» АҚ серверлеріне көшіруге байланысты техникалық мәселелер болды. Бұл үшін ЦДИАӨМ вице-министрі кешірім сұрады.


Айта кетейік, «Ashyq» адал еңбек етуді де тексереді. Пилоттық жоба барысында үш қалада бизнес тарапынан деректерді тіркеуде салғырттық таныту фактілері орын алды. Бұл үшін қандай жаза қарастырылған?


«Пилоттық жоба үш қалада жүзеге асырылды. Жобаға қатысатындарын мәлімдей отырып, кейбір кәсіпкерлер, ондайлар аз, келушілерді толық тіркемегені, статустарын тексермегені және т.б. фактілер анықталды. Жекелеген өңірлердің санитарлық дәрігерлерінің тарапынан мұндай кәсіпкерлерді жобадан шығарып тастау туралы ұсыныстар айтылды. Осыған байланысты, бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің жаңа қаулысында жобадан алып тастау алгоритмі пайда болды: бірінші рет бұзушылық жасаған кезде 2 аптаға шеттету; егер бұзушылық қайталанса - 2 айға. Бұл бизнес үшін өте ауыр, өйткені бизнес аз шектеулермен жұмыс істеу мүмкіндігіне қол жеткізу үшін көп уақыт жұмсады. Жоба осындай мүмкіндік беріп отыр, сондықтан адал еңбек еткен дұрыс», - деді ҰКП төрағасының орынбасары әріптестеріне қаратып айтқан сөзінде.