«Деректерді енгізу бойынша жалпы рәсім бар: адам вакцинацияға келіп, алдын ала тіркеуден, медициналық тексеруден өтеді, вакцина алу үшін жазбаша келісімге қол қояды. Мұндай фактілер бір-екі рет болған шығар, бұл жеке қызметкердің жосықсыз іс-әрекетінен болуы мүмкін. Әрбір факті бойынша мұқият талдау жүргізілетін болады, бірақ жалпы, вакциналау процедурасының өзі мұндай жағдайларды болдырмайды», - деп сендірді вице-министр.

Дегенмен, ол жауапты органдар бәрін зерттеп, шара қабылдауы үшін мұндай фактілер туралы хабарлауға шақырды.